Атырау, 8 желтоқсан 22:52
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Ақтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтеді

335 рет қаралды

Қазақстан мен Әзербайжанның бірлескен «Каспий самалы – 2025» әскери-теңіз оқу-жаттығуына дайындық аясында Ақтау қаласында Әзербайжан қорғаныс ведомствосының өкілдерімен штабтық келіссөз өтті.

Келіссөздерде бас штаб бастығы – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков пен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов алдағы оқу-жаттығуларды жан-жақты талқылап, келісті.

Оқу-жаттығу Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтеді.  Корабльдер келген кезде оқу-жаттығу жоспары мен карталардағы эпизодтар егжей-тегжейлі нақтыланады. 

«Жауынгерлік іс-қимыл жүргізу» кезеңінің міндеттері кешенді түрде пысықтауды көздейді. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға корабльдерді орналастыру, теңіз өткелінде корабльдердің бірлесе жүзу элементтерін орындау қарастырылған. Әскери теңізшілер қарсы келген қатерлерді тойтару, апатқа ұшыраған ұшу аппараттарына, корабльдерге және кемелерге көмек көрсету мәселелерін пысықтайды. Одан бөлек теңіз және әуе нысандары бойынша жауынгерлік атыстар жүргізіледі.

– Оқу-жаттығулар екі елдің әскери-теңіз күштері арасындағы бірлескен іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған міндеттердің кең спектрін қамтиды, – деп атап өтті бас штаб бастығы – ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков.

Оқу-жаттығуға жағалау бөлімшелерінің жеке құрамы және әскери-теңіз базасының корабльдері (кемелері) тартылатын болады. Әзербайжаннан жаттығуларға екі күзет кораблі, көмекші кеме және жағалау бөлімшелері келеді.

10 сәуір, 08:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.