Атырау, 8 желтоқсан 22:53
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қаражалда бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты

410 рет қаралды

Қаражал қаласының прокуратурасымен жүргізілген тексеріс нәтижесінде Жәйрем кентінің “Балдырған” балабақшасының бухгалтерімен бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. 

Бухгалтер қызметкерлердің есепшоттарына белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аударған. 
 
Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңгені құрады.
 
Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерге Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру түріндегі жазасы тағайындалды.

9 сәуір, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.