
Асан Дарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл шешім үкімет қаулысымен қабылданып, Президент Әкімшілігі басшысымен келісілді.
Дарбаевтың мансап жолы:
- 2005-2006 жылдары Қаржы министрлігінің құрылымында жетекші маман болып жұмыс істеді.
- 2006 жылдан бастап антимонополиялық салада аумақтық бөлімшелерде бас маман ретінде қызмет атқарды.
- 2009 жылдан бастап «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ мен «KazEnergy» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығында жұмыс істеді.
- 2013 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде директордың орынбасарынан басқарма басшысына дейінгі лауазымдарда қызмет етті.
- 2015 жылы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
- 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.
9 сәуір, 17:54
В Атырау -1