Атырау, 8 желтоқсан 22:56
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мәжіліс Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

428 рет қаралды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат салықтарды оңтайландыру және салықтық жеңілдіктерді енгізу шараларын қамтиды.

Кодексте:

  • Салықтар мен төлемдердің саны қысқартылады, ал корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі:
    • Банк секторында – 25%,
    • Ойын бизнесінде – 25%,
    • Әлеуметтік секторда – 10%,
    • Өңдеу өнеркәсібінде – 10%,
    • Ауыл шаруашылығында – 3% болып белгіленеді. Базалық ставка 20% деңгейінде сақталады.
  • Арнайы салық режимдері оңтайландырылып, олардың саны үшеуге қысқарады. Олар: оңайлатылған декларация негізінде, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шаруа қожалықтарына қатысты болады.

Жеке тұлғаларға қатысты:

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылмақ.
  • Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 30 АЕК мөлшерінде жалақыдан базалық салық шегерімі белгіленеді.

Автокөлікке қатысты:

  • 10 жылдан асқан көліктерге салық көлемі 30%-ға, ал 20 жылдан асқан көліктерге 50%-ға азайтылуы қарастырылған.

Жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмілелерден түскен табысына салық салу тәртібі де қайта қарастырылуда.

9 сәуір, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.