Атырау, 8 желтоқсан 22:53
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Пилоттық жоба: тағамға ББҚ таңбалау іске қосылды

346 рет қаралды
gov.kz

 Пилоттық жобаның мақсаттары:
1) Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тетіктерінің толықтығын, тиімділігін, нәтижелілігін және жеткіліктілігін сынақтан өткізу мыналарды:
- тауарлардың түпнұсқалығын растауды;
- ҚР аумағына ББҚ-ны заңсыз әкелуге, өндіруге және айналымына (оның ішінде контрафактілік) қарсы іс-қимылды;
- заңнамада көзделмеген ББҚ айналымы мен өндіру схемаларын пайдалануды болдырмау мақсатында ББҚ айналымына қатысушылардың өзара іс-қимылын;
- ББҚ айналымын есепке алу рәсімдерін стандарттауды және біріздендіруді қамтамасыз ету;
2) ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға көшудің орындылығын айқындау болып табылады.
ББҚ таңбалау ережелері
ББҚ айналымына қатысушылар ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды дербес жүзеге асырады және осы Бұйрықта көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ АЖ-ға (тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі) тиісті мәліметтерді ұсынады.
ББҚ сәйкестендіру құралдарымен таңбалау:
- ҚР аумағында ББҚ өндіру кезінде – ББҚ өндіру орындарында тауарды өз қоймасына жөнелткенге дейін;
- ҚР аумағына ББҚ импорттау кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер болып табылмайтын елдерден ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелгенге дейін;
- ҚР аумағына ББҚ-ны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелу кезінде – ҚР Мемлекеттік шекарасынан тыс, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелуге дейін жүргізіледі.

9 сәуір, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.