Атырау, 8 желтоқсан 22:52
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді

281 рет қаралды
Фото: freepik.com

Қаржы нарығын дамыту туралы заң аясында тұтынушылық кепілсіз онлайн несиелерді беру үшін 24 сағаттық «салқындату кезеңі» енгізіледі. Несие алуға алғаш рет өтініш білдірген қазақстандықтардың банктің немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болуталабы белгіленеді.
 
Сонымен қатар 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиеніенді «электронды үкімет» порталы арқылы келісімалғаннан кейін ғана ала алады (бұл ереже заңға тәуелді актілерде көрсетіледі). Әскери қызмет өткеру уақытында әскери қызметшілерге несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салынады.
 
Қаржы институттарының алаяқтық несиелер мен микроқарыздарды есептен шығару негіздері де кеңейтіледі. Ал банктер алаяқтық белгілері бар транзакцияларды анықтаған жағдайда банк шотыбойынша шығыс операцияларын тоқтатуға өкілеттік алады.
 
Жеке норма Ұлттық Банкке төтенше жағдай кезеңінде қаржы ұйымдарының төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттарына шектеулер енгізу құқығына қатысты. Өз кезегінде «Отбасы Банкі» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі аясында білім беру несиелерін беру құқығына ие болады.

9 сәуір, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.