Атырау, 24 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

КҚК қайта жұмысын бастады: мұнай тиеу айлақтарының бірі іске қосылды

503 рет қаралды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) қайтадан жұмысын бастады,  КТК-1 сыртқы айлақ құрылғысы қайта іске қосылды.

Компанияның мәліметінше, бұл шешім Ресейдің теңіз регистрі жүргізген кезектен тыс техникалық тексеру нәтижесінде қабылданған.

Хаттамаға сәйкес, КҚК-1 құрылғысы РС №010784 класы қалпына келтіріліп, қайта пайдалануға берілді. 

- Қазіргі уақытта мұнайды тиеу КҚК-1 және КҚК-3 айлақтары арқылы жүзеге асырылуда, — деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.

Ал КТК-2 құрылғысының жұмысын қайта бастау туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

31 наурызда КҚК-1 және КҚК-2 құрылғыларының класы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарланған болатын. 

Қазақстандық сарапшылар мұның Қазақстанға әсерін айтқан болатын.

9 сәуір, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.