
«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен, облыстық ҰҚКД, ПД-нің «Киберпол» бөлімшесі, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ қызметкерлері бірлесіп, «Sim-Box» құрылғыларын заңсыз пайдалану фактісін анықтады.
Оперативтік іс-шаралар барысында 29 жастағы облыс тұрғынының үйінен 7 дана «Sim-Box» құрылғысы, роутерлер, компьютерлер, ноутбуктер, ұялы телефондар және 6,5 мыңнан астам ұялы байланыс операторларының SIM карталары тәркіленді.
«Sim-Box» құрылғысы алаяқтар тарапынан жаппай телефон қоңырауларын генерациялау, хабарламалар тарату және абонент нөмірлерін ауыстыру үшін кеңінен қолданылады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы («Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті қамауға алынды.
Бұл соңғы екі айда «Sim-Box» құрылғысын пайдаланудың екінші анықталған жағдайы.
В Атырау -1