Атырау, 18 сәуір 0555
 ашықВ Атырау +20
$ 523.20
€ 594.30
₽ 6.38

Құрманғазы ауданында қойма өртенді

Бейнежазба
415 просмотра

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Кудряшово ауылының жанында орналасқан Арна ауылында қоймадан ірі өрт шықты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сағат 16:00 шамасында Ресей жақтан басталған, ол жақта орман өртке оранған. Қатты желдің салдарынан жалын Қазақстан аумағына өтіп, Арна ауылындағы қоймаларға жеткен.

«Жаңауыл» ММС кеңсесінің жанындағы қоймада өрт сағат 18:55-те басталған. Сағат 21:30-дағы жағдай бойынша өрт әлі сөндірілмеген.

ТЖД кеше кешкісін қызметкерлер оқиға орнында екенін, цехтағы өртті сөндіруге кірісіп жатқанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мәліметінше, ресейлік тараптан өрт туралы ақпарат жоқ.

Айнұр САПАРОВА

9 сәуір, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16