Атырау, 8 желтоқсан 22:53
 ашықВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Депутат Базарбек құрылыс салушыларды мемлекеттің қалай бақылайтынын түсіндіруді талап етті

353 рет қаралды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек құрылыс саласындағы мәселелерді сынға алып, вице-премьер және ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сұрақ қойды, деп хабарлайды BES.Media. 

Ол 23 жыл бойы құрылыс компаниялары ҚҚС-тан босатылғанымен, тұрғын үй бағасының 21 есе өскенін атап өтті. Енді бұл жеңілдіктер алынып тасталғанда, бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қандай механизмдер қолданылатынын сұрады.

Депутат құрылыс компанияларының кейбірі Forbes тізіміне енгенін, кейбірі капиталды шетелге шығарғанын, ал кейбірі үлескерлерді тастап кеткенін сынға алды. Ол 21 жыл бойы құрылысшыларды қолдаудың нәтижесі қандай болғанын сұрады.

Министр Серік Жұманғарин құрылыс компанияларының бақылаусыз қалмайтынын айтты. Ол ірі компанияларға қосымша салық есептеу туралы хабарламалар жіберілгенін және бағаны бақылау үшін арнайы агенттік құрылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы жеткізу тізбектері арнайы салық режимдерінен шығарылатынын атап өтті.

9 сәуір, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.