
Актер Михаил Ефремов бүгін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, колониядан шықты, деп хабарлайды The Insider.
Бұл шешім Белгород облысындағы Алексеев аудандық сотының 24 наурызда қабылдаған шешімі негізінде жүзеге асырылды. Ефремов денсаулығына байланысты босатуды сұраған болатын. Ол алкогольден бас тартатынын және көлік жүргізбейтінін мәлімдеді. Прокуратура бұл өтінішті қолдады.
Ефремов 2020 жылы жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне себеп болғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін сот бұл мерзімді 7,5 жылға қысқартты. Ол мас күйінде көлік жүргізіп, Мәскеу орталығында қарсы жолаққа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан екінші көлік жүргізушісі қайтыс болды.
В Атырау +4