Атырау, 12 ақпан 10:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Brent құнын жоғалтуда: мұнай бағасы 60 долларға жақындады

532 рет қаралды

Brent маркалы мұнай бағасы алғаш рет 2021 жылдан бері $60 деңгейіне жақындады. Бұл құбылыс жаһандық нарықтардағы тұрақсыздықтың күшеюі, сауда соғыстарының риторикасының артуы және әлемдік рецессия қаупінің өсуі аясында орын алуда, деп хабарлайды Atameken Business телеграмм-каналы.

Бұл жағдай Қазақстан экономикасы үшін алаңдатарлық белгі. Елдің 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі сценарийін қалыптастыру кезінде үкімет мұнай бағасын $75 және доллар бағамын 470 теңге деңгейінде есептеген болатын. Мұнай бағасының одан әрі төмендеуі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді қайта қарауды талап етуі мүмкін, сондай-ақ ұлттық валюта мен бюджеттік параметрлерге қысымды күшейтуі ықтимал.

9 сәуір 2025, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.