
АҚШ президенті Дональд Трамп көмір өндірісін қайта жандандырмақ. Осыған орай бірнеше жарлыққа қол қойды,. деп хабарлайды 24.kz.
Біріншіден, ол федералдық жерлерді көмір өндіруге беруге салынған мораторийдің күшін жойып, жаңа жобаларды қаржыландыруды күшейткен. Екіншіден, Байден әкімшілігінің кейбір көмір кен орындарын жабу туралы шешімдерін алып тастады. Үшінші жарлық энергетика саласының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
«Көмір – арзан және сенімді энергия көзі. Бізде әлемдегі ең ірі көмір қоры бар», – деп мәлімдеді Д. Трамп.
АҚШ-та бұрынғы президент Джо Байден кезінде көмір өндірісі шектеліп, электр қуатын күн мен желден өндіруге басымдық берілген еді.
- Біз әдемі таза көмірге қарсы қажетсіз ережелерді жойып жатырмыз. Федералды жерлерді көмір өндіру үшін жалға беруді тездетеміз. Біреу жүздеген миллион доллар жұмсап, зауыт салады екен, ал ол зауытты бір Демократ жабады екен. Демократтар көмірге қарсы. Ал Республикалықтар үшін таза көмір жақсы. 66 көмір зауытын басқаратын 47 компанияға жедел жәрдем беремін, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
В Атырау +4