Атырау, 22 наурыз 00:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

329 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрығымен ел аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды.

Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

Бұл тыйым Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

Бұйрық 2025 жылдың 9 сәуірінен бастап күшіне енеді.

9 сәуір 2025, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.