
Асайын Байханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Ақорда.
Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалады:Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8%-ға ұлғайды;
1,1 трлн теңге инвестиция (+38%) тартылды.
Облыс әкімі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады:Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 үлкен жоба қолға алынады.
Екібастұзда 3 ферроқорытпа зауытын (қуаттылығы 460 мың тонна) салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.
Барлық әлеуметтік міндеттеменің жүйелі түрде орындалып жатқаны туралы айтылды:
30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған;
40 әлеуметтік нысан пайдалануға берілген, тағы 83-і жаңғыртылған;
Қосымша білім беретін 3 орталық, 1800 оқушыға арналған «Жайлы мектептер» салынған;
Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 3 білім беру нысаны бой көтеріп, 26 оқу ошағы жөнделген.
Инфрақұрылым:
Кейінгі 20 жылда алғаш рет жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 1,3 пайызға төмендеген;
Қоғамдық көлік 80 пайызға жаңартылып, 230 автобус жеткізілген;
Трамвай паркі жаңарып жатыр. Жаңа 25 вагонның алғашқы партиясы биыл қыркүйекте жеткізіледі.
Президенттің тапсырмалары:
Инвестиция тартуды жалғастыру,
«Жайлы мектеп» ұлттық жоспарын сапалы және уақтылы жүзеге асыру,
Облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жүргізу.