
Депутаттар бірінші оқылымда Салық кодексінің жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді талқылайды.
Қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы екінші оқылымда қаралады.
Сонымен қатар палата комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды: құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер және ғылымды қажетсінетін аумақтарды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы.Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.