Атырау, 24 сәуір 1547
 ашықВ Атырау +17
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Шымкентте полиция SIM-box арқылы жасалған заңсыз әрекеттерді анықтады

284 просмотра
Фото: polisia.kz

Шымкентте виртуалды нөмірлерді қолдану арқылы жасалған қылмыстық схема тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚКД-мен бірлесіп, "Қазақтелеком" АҚ-мен меморандум шеңберінде жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде SIM-box арқылы жасалған заңсыз әрекеттерді анықтап, жолын кесті.

Виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған құрылғы арқылы ел аумағында алаяқтық жайттары жүзеге асырылған. Екі жалдамалы пәтерді тексеру барысында 32 арналы екі SIM-box құрылғысы мен өзге де жабдықтар табылып, тәркіленді.

Заңсыз схеманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен күдікті ұсталды. Қаскөй мессенджер арқылы алған нұсқауларға сәйкес әрекет еткені анықталды. 

Полиция мұндай құрылғыларды заңсыз пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады, сондай-ақ мұқият болып, құқық бұзушылықтар туралы дер кезінде хабарлауға шақырады.

8 сәуір, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.