
Атырау облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысты деген күдікпен Ақтөбе облысының 30 жастағы тұрғынын ұстады.
Ер адам бұрын сотталған.
Ол Атырау көшелерініің бірінде ұсталған. Жеке тінту кезінде синтетикалық есірткінің 45 түйіншегі тәркіленіп, оның «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды. Сондай-ақ, жалға алынған пәтерінен үш зип-пакет, электронды таразы, фольга, тамшуыр, орама табылды. Алынған заттар 67 граммды құрады.
Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды.