Атырау, 25 сәуір 1808
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 517.16
€ 588.48
₽ 6.23

Мали Алжирден келетін ұшақтарға әуе кеңістігін жапты

400 просмотра

Мали билігі Алжирден келетін және сол жаққа бағыт алатын барлық азаматтық және әскери ұшақтарға ұлттық әуе кеңістігін бірден жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Мали Көлік министрлігі бұл шешімнің өзара жауап негізінде қабылданғанын және әрі қарай хабарландыруға дейін күшінде болатынын айтты.

Алжир Қорғаныс министрлігі 31 наурызда Мали жақтан ел аумағына 2 шақырымға енген ұшқышсыз ұшақты әуеде жойғанын мәлімдеді. Алайда, Мали бұл айыптауларды жоққа шығарып, ұшқышсыз ұшақ Алжирдің әуе кеңістігін бұзбағанын айтты.

6 сәуірде Мали Алжирдегі елшісін шақыртып алды. Сахел одағына кіретін Буркина-Фасо, Мали және Нигер елдері де өз елшілерін Алжирден консультация үшін қайтарып алғанын мәлімдеді.

Осы оқиғалардың аясында Алжир де Мали мен Нигер елшілерін «консультацияға» шақыртып, Уагадугудағы жаңа елшісінің қызметке кірісуін кейінге қалдыратынын хабарлады. Соңында, Алжир Мали тарапынан өзінің әуе кеңістігін «бірнеше рет бұзғанына» байланысты Мали үшін өз әуе кеңістігін жапты.

8 сәуір, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.