Атырау, 26 сәуір 1015
 бұлттыВ Атырау +21
$ 515.03
€ 584.82
₽ 6.24

Мұнай бойынша қос соққы: Трамптың тарифтері мен ОПЕК+ шешімі Urals бағасының құлдырауына әкелді

427 просмотра
ChatGPT жасаған сурет

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Приморск, Усть-Луга және Новороссийск порттарында тиелетін Urals партиясының құны 2023 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш 50 доллар/баррельге дейін төмендеді, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" телеграмм-каналы.

Бағаның құлдырауына екі фактордың жиынтығы себеп болды: АҚШ президенті бүкіл әлемге жариялаған тарифтік соғыс және мұнай өндіруді тәулігіне 2,2 миллион баррельге қысқартқан Ресей мен Сауд Арабиясын қоса алғанда, ОПЕК+ ұйымындағы 8 елдің  мамыр айынан бастап өндірісті шамамен 3 есеге арттыруды жылдамдату шешімі.

Қазіргі уақытта Қазақстан үшін бұл жағдай қиындық туғызуда, себебі мұнай ғана емес, барлық шикізат бағасы төмендеп барады. Әлемдік экономика рецессияға бет алуда.

JP Morgan АҚШ және әлемдік экономика үшін рецессия ықтималдығын 60% деп бағалайды. Трамптың жаңа тарифтерінен мұнай мен газ, өңделген мұнай өнімдерінің саудасы босатылғанымен, протекционистік саясат инфляцияны арттырып, экономикалық өсімді бәсеңдетіп, сауда қақтығыстарын ушықтыруы мүмкін.

8 сәуір, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.