Атырау, 11 сәуір 16:26
 ашықВ Атырау +8
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Мәжілісмен неліктен дәрі-дәрмек, кітаптар мен банк аударымдары ҚҚС-сыз қалуы керек екенін түсіндірді

388 просмотра

Мәжілістің бір топ депутаты жаңа Салық кодексінің жобасына әлеуметтік әділеттілік пен негізгі салаларды қолдауға бағытталған маңызды өзгерістерді ұсынды. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Депутаттардың ұсыныстарында мәдени-әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан (КТС) босату қамтылған. Сондай-ақ білім, ғылым, спорт және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейтін ұйымдар үшін корпоративтік салықты 5 пайызға дейін төмендету ұсынылды.

Медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге, әсіресе онкология, қант диабеті, психикалық және жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты ауыр, созылмалы және өмірге қауіп төндіретін көптеген ауруларды емдеуге қатысты қазіргі 0% ҚҚС мөлшерлемесін сақтау ұсынысына ерекше назар аударылды.

"Себебі салықтың өсуі — бағаның өсуі. Ал дәрі-дәрмектің бағасының өсуі — бірінші кезекте науқастар мен олардың отбасыларына ауыр салмақ. Бұл жай ғана салық мәселесі емес, бұл — адамгершілікке қатысты шешім. Онко-дәрілер мен сирек ауруларға арналған препараттардың бағасы қазірдің өзінде өте жоғары. Егер оларға ҚҚС енгізілсе — бұл бағаның бірден 10%-ға өсуі деген сөз" деп түсіндірді Аймағамбетов.

Бұдан басқа, депутаттар отандық кітап басылымдары мен анимация саласының өнімдерін ҚҚС-тан босатуды ұсынып отыр. Аймағамбетовтың пікірінше, бұл қазақстандық авторлар мен аниматорларға қолдау көрсетіп, жастардың қазақстандық мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылығын арттырады.

"Қазақ авторлары назардан тыс қалды деп айтып жүрміз — дегенмен, соның өзінде кітапқа салық салып отырмыз. ҚҚС-тан босату — мәдениетке, білімге, ұлттық ойға көрсетілген құрмет. Біз өз авторларымызды, аудармашыларымызды, суретшілерімізді қолдауымыз керек", - деді ол.


Сондай-ақ қаржылық қызметтерге, оның ішінде банктік аударымдар мен төлем карточкаларымен жасалатын операцияларға ҚҚС енгізбеу ұсынылады. Аймағамбетов бұл негізгі қызметтердің қымбаттауына жол бермеуге және зейнеткерлер, студенттер мен шағын бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғауға болатынын атап өтті.

"Мысалы, сіз Халық банктегі картаңыздан Kaspi-ге ақша аудардыңыз — 200 теңге комиссия төледіңіз. Егер оған ҚҚС қосылса, тағы 32 теңгеге дейін қосылуы әбден мүмкін. Бұл, әсіресе, жиі аударым жасайтындар үшін ауыр. Зардап шегетіндер — қарапайым халық: студенттер, ата-аналар мен шағын кәсіп иелері. Дәрі-дәрмекке салынатын салық пен казинодағы ұтысқа салынатын салық бірдей болмауы тиіс" деді Аймағамбетов.

Депутаттар сонымен қатар букмекерлік кеңселер мен казиноларға салықты көтеруді, трансмай қосылған өнімдерге акциз енгізуді, банктерге салынатын корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін арттыруды үсынды.

Түзетулерді талқылау Мәжілістің жұмыс тобының отырыстарында жалғасуда. Осы аптада парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында жаңа Салық кодексін бірінші оқылымда қарау жоспарланған.

7 сәуір, 20:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16