Атырау, 12 қаңтар 21:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Атыраудағы фитосанитариялық жұмыстар күзге дейін жүргізіледі

Бейнежазба
850 рет қаралды

Атырау қаласында 1 сәуірде басталған ағаштарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды түрде іске асуда. 

Бас мердігер – «Каспийдормостострой» мекемесі.

Қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инпекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы Ербол Айткалиевтің мәліметінше, бұл жұмыстар үшін қаланың әртүрлі аймақтарына 20 техника және 40 шақты адам жұмылдырылған.

- Оның ішінде төрт трактор, сонымен қатар аумақтарды тазалауға және тұрғын үйлердің ішін өңдеу үшін арнайы ПИК жұмысшылары да қосылды. Одан бөлек құрт-құмырсқаға қарсы дәрілердің ең тиімдісін, нақтырақ айтқанда «Актара» және «Детис» препараттарын қолдану арқылы тұрғын үйлер мен қоғамдық орындардағы зиянды жәндіктермен күрес жүргізілуде,- деді ол.

Бас маман тұрғындарға кешкілік уақытта терезені ашық қалдырмай, барынша мұқият болу керегін ескертті. Бұл жұмыстар күзге дейін жалғаспақ.


7 сәуір 2025, 19:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.