
Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылы мен Молдағұлова көшесінің қиылысында белгісіз әйел адамның жолдың қақ ортасына жатып алған сәті әлеуметтік желіде тарады. Видеода оның жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қохғалысына кедергі келтіргені байқалады.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 наурызда тіркелген. Әйел адам жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде болған.
- Жедел басқару орталығынан Сәтпаев-Молдағұлова көшелерінің қиылысында белгісіз әйел адамның жерде жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Жеке басын анықтау барысында оның мүлде азаматтық алмағаны және нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ екені белгілі болды. Осыған байланысты аталған азаматша Атырау қаласындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналастырылды, - деді полиция департаменті.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ