
"Жарсуат пен Бөдене ауылдарының тұсындағы қыр жақ беті қызғалдақтан жайқалып тұр. Дала өңірі құлпырып, ерекше реңк берген",-дейді видеоны жолдаушы Даурен есімді жігіт.
Қызғалдақтың ғұмыры қысқа. Біздің өңірдегі қызғалдақтар шамамен 20 күндей тұрады, ал күннің қапырық ыстығы күйдіріп жібереді. Дала қызғалдақтарының бір шоғы үшін қомақты айыппұл салынатынын есте ұстаған жөн.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА