Атырау, 12 сәуір 0330
 ашықВ Атырау +10
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

​БҚО-да жергілікті тұрғындарды бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

408 просмотра

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алған Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған. 

Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бопсалау фактісі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

7 сәуір, 18:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16