Атырау, 24 сәуір 1547
 ашықВ Атырау +17
$ 518.34
€ 591.06
₽ 6.27

Жеке үйдің қожайындары кесілген талдарды қайда тастайды

561 просмотра

Қазір көктем мезгілінде жеке тұрғын үй иелері өз ауласындағы жапырақтар, шөп қалдықтары мен кесілген бұтақтарды өртеп, көшені түтінге айналдыруда. Бұл жағдай редакцияға жиі түскен сауалдарға себеп болды. Оқырмандар аулалар мен қоқыс контейнерінің қасында қоқыстарды өртеу заңды ма? Талдардың кесілген бұталарын қайда тастау керек, деп сұрайды. 

«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ІЗТІЛЕУОВ бұл сұраққа былай жауап берді:

– Егер жеке ауладан аз көлемде ағаш-бұта қалдықтары шықса, оларды арнайы қоқыс контейнерлерінің маңына қоюға болады. Оны қоқыс тазалау кезінде арнайы қызметкерлер тиеп алып кетеді. Ал көп көлемде қалдық шыққан жағдайда, тұрғындар оны өз көлігімен қалалық полигонға жеткізуі керек. Алайда аулада немесе ашық алаңда қалдықтарды өртеу заңсыз. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қалдықтарды дұрыс жинамау немесе жағу атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу болып саналады. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. 

Еске салсақ жақында қала маңында заңсыз қоқыс тастаған азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабымен (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу) жауапкершілікке тартылғанын жазған едік.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 сәуір, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.