Атырау, 11 сәуір 1828
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Ақмола облысында өзен арнасынан тасып, ауылдар арасында көлік қатынасы үзілді

352 просмотра
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Ақмола облысының Астрахан ауданында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Қалқұтан өзенінің төгілуіне байланысты көлік қатынасынан үзілген Старый Колутон ауылында жедел жұмыстар атқарылып жатыр. 

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеті арқасында өткен тәулікте 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел  моторлы қайықтардың көмегімен тасымалданды. 

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов тексерді.

Жағалау сызығын нығайту және одан әрі су басуға жол бермеу үшін инертті материалдары бар 1000-нан астам қап төселді, 300 текше метр су сорылды. Қауіпсіз жерге 21 бас сиыр мен 100-ге жуық қошқар айдалды. 

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, ТЖМ арнайы техникасының 20 бірлігі, ЖАО және еріктілер жұмылдырылды.

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Жағдай ТЖМ бақылауында. Құтқару және нығайту іс-шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр, деп хабарлады құтқарушылар. 

7 сәуір, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16