Атырау, 29 қазан 20:22
 дождьВ Атырау +18.1
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Прокуратура есірткі бизнесіне қарсы

1 363 рет қаралды
Фото: freepik.com

Түркістан облысында аса ірі көлемде есірткімен ұсталған Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты үкім шықты. Ер адам «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызында 2 кг-ден астам марихуана тасымалдаған, деп хабарлайды Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
 
Оны Түркістан станциясында жедел іс-шаралар барысында көлік полициясының қызметкерлері ұстады. Сот оны өткізу мақсатында есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау бойынша кінәлі деп тапты.
 
Қабылданған шешім – 8 жыл бас бостандығынан айыру.
 
Үкім заңды күшіне енді. Көлік прокуратурасы азаматтарды есірткі бизнесіне араласпауға және заң мен тәртіптің бәрінен жоғары. Екенін есте сақтауға шақырады.

4 сәуір 2025, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.