Атырау, 8 сәуір 1942
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Ақтаулық тұрғындар Түркия өкілдерінің шеберлік сағатына қатыса алады

950 просмотра
gov.kz

Түркі әлемінінің мәдени жылы аясында түбі бір түркітілдес халықтар Ақтауда бас қосып, ортақ құндылықтарды насихаттап жатыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдынның айтуынша, түріктер мен қазақтардың ұлттық киімінде ұқсастық көп. Оның сөзінше, мұндай мәдени шара ортақ құндылықтарды насихаттау үшін өте маңызды. Ақтау қаласына алғаш рет табан тіреген шеберлер қазақ ұлтының мәдениетімен жақын танысқанына қуанышты.

- Ақтаудың Түркі әлемінің астанасы болғанына өте қуаныштымыз. Біз мұнда қолөнер туындыларымызды, яғни кестелерімізді, түрік тоқымаларын осында әкелдік. Біздің ортақ мәдениетімізді қазақтармен байланыстыратын көптеген өнер туындысы бар. Мәселен, біздің той көйлектеріміз қазақтардың киім үлгісіне ұқсайды. Әсіресе, жібек матадан кестелеп тігілген көйлектер өте ұқсас. Бұл шараға Түркияның атынан қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Мен Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Қазақтардың мәдениетімен жақыннан танысып жатқанымызға өте қуаныштымыз, - дейді .

«Шеберлер ауылындағы» Түркия үйінде кесте тігу және мәрмәрмен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Оған кез келген қонақ қатысып, түріктердің ұлттық бұйымдарымен таныса алады.

- Қазір мұнда келген қонақтарға шеберлік сабағын өткізетін 4 шебер бар. Олар түріктердің ұлттық бұйымдарын жасап көрсетеді. Бауырлас елдердің мәдени шарасы түркітілдес халықтардың туындыларын және ортақ құндылықтарымызды көруге мүмкіндік береді, - дейді Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдын.

4 сәуір, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.