Атырау, 12 сәуір 04:54
 ашықВ Атырау +10
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

​Сәкен Мамаш Астанада қамауға алынды

953 просмотра
Сурет: Facebook.com|saken.mamash

Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Мамаш өткен жылы әлеуметтік желілерде он жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін мәлімдеген, деп хабарлайды bizmedia.kz.

Осыдан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оны Біріккен Араб Әмірліктерінен қайтарып, полиция тергеу жұмыстарын бастаған.

Бүгін Астана полициясы тергеу барысында қажетті сараптамалар мен сұраулар жүргізіліп, жеткілікті дәлелдер жиналғанын хабарлады. Сот шешімімен Сакен Мамаш қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің басқа мәліметтері жарияланбай отыр.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Карина Мамаш өткен жылы балаларымен бірге Астанадағы дағдарыс орталығына орналастырылып, оған психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілген. Кейін ол өзіне қоқан-лоққы жасалып жатқанын мәлімдеп, бұл бойынша да қылмыстық іс қозғалған. Маусым айында Сәкен Мамаш әкімшілік құқық бұзушылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған. Күзде Карина ресми түрде ажырасқанын жариялады.

Қазіргі уақытта бұрынғы дипломат қылмыстық іс аясында қамауға алынды. 

4 сәуір, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16