Атырау, 11 сәуір 1923
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Сарысу ауданында прокуратура инвестордың құқықтарын қорғады

870 просмотра

Сарысу ауданының прокуратурасы инвестор «Kazchemtrading» ЖШС-ның құқықтарын бұзу фактісін анықтады. 

Атап айтқанда 2021 жылы Жаңатас қаласындағы цемент зауытының электрмен жабдықталуына бюджеттен 427 млн теңге бөлініп, мердігермен жұмыс аяқталатын мерзім 2023 жылдың 1 қыркүйегі болып белгіленген. 

Алайда электр желілері мен қосалқы станцияның құрылысы белгіленген мерзімде аяқталмаған.

Электрмен жабдықтаудың болмауы жобаның аяқталуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және оның экономикалық тиімділігінің төмендеуіне себеп болды. 

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2024 жылы инвесторды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қосымша 6,4 млн теңге бөлініп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Цемент зауытының жалпы құны 3,1 млрд теңге құрайды, ал жобаның іске асырылуымен 50 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарлуда. 

Қазіргі уақытта инвестор толықтай электр қуатымен қамтамасыз етілді.

4 сәуір, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16