Атырау, 8 сәуір 19:00
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

​Қазақстан Ұлттық банкі: инфляцияға қатысты болжам көңілден шықпай тұр

343 просмотра 14 пікір

Сарапшылар өз болжамдарын қайта қарады: енді 2025 жылы инфляция 10,6% деңгейінде болады, бұған дейін – 8,7% деп болжанған еді.

Экономика өсімі қандай болмақ?
ЖІӨ-ге қатысты болжам да төмендеді:
2025 жылы – 4,7% (бұрын 4,9%)
2027 жылы – 4,3% (бұрын 4,5%)
2026 жылғы болжам өзгеріссіз қалды – 4,5%.

Базалық ставка: не күтеміз?
Инфляцияны күту көрсеткіші өскеніне байланысты базалық ставкаға қатысты болжамдар да қайта қаралды. 
Жаңартылған болжам жыл аяғына жасалды:
2025 – 15,9%
2026 – 14,3%
2027 – 11,5%

Болжамды кімдер жасады?
Болжам 16 аналитикалық ұйымның пікірлеріне негізделген. Олардың қатарында халықаралық институттар, рейтинг агенттіктері және зерттеу орталықтары бар.

4 сәуір, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16