
АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елге, соның ішінде Қазақстанға да баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өз сөзінде Трамп әр түрлі елдерге арналған тарифтер жазылған кестені көрсетті. Онда тарифтер 50 пайызға дейін жетеді. Кестеде АҚШ-тың тарифтері басқа елдердің АҚШ-қа қатысты бекіткен баж салығынан екі есе төмен деңгейде белгіленген.
Бұрынғы КСРО елдері үшін әр түрлі тарифтер енгізілді:
- Молдова – 31 пайыз,
- Қазақстан – 27 пайыз;
- Армения – 10 пайыз;
- Әзербайжан – 10 пайыз;
- Грузия – 10 пайыз;
- Өзбекстан – 10 пайыз;
- Түрікменстан – 10 пайыз;
- Қырғызстан – 10 пайыз;
- Тәжікстан – 10 пайыз;
Тізімде Ресей мен Беларусь аталмаған. АҚШ қаржы министрі бұл елдердің тізімге неліктен енбегенін кейінірек түсіндірді.
АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Fox News арнасына берген сұқбатында Ресей мен Беларусь баж салығы салынатын елдер тізімінде неліктен жоқ екенін түсіндірді.
Бессент елдерге жауап ретінде қандай да бір шара қабылдамауды, соның ішінде баж салығын енгізбеу керек екенін ескертті.
Журналистер Ресей мен Беларусь баж салығы салынатын елдер тізімінде жоқ екеніне назар аударды. Бессент мұны АҚШ-тың Ресей және Беларусьпен сауда жасамайтынымен түсіндірді, өйткені оларға санкция салынған.
Сонымен қатар телеарнаның мәліметінше, АҚШ Сауда өкілінің басқармасы 2024 жылы АҚШ-тың Ресеймен сауда көлемі 3,5 млрд долларға бағаланғанын хабарлаған.
Үкіметтік агенттіктің мәліметі бойынша, 2024 жылы АҚШ-тың Ресейге тауар экспорты 526,1 млн доллар болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға аз, ал 2024 жылы АҚШ-тың Ресейден тауар импорты 3 млрд доллар болып, 2023 жылмен салыстырғанда 34,2 пайызға азайды.
Баж салығын енгізу қажет екенін түсіндірген Бессент оның мақсаты ұзақ мерзімді экономикалық өсімге жағдай жасау екенін айтты.
"Біз дұрыс траекторияға оралдық", - деді Байден әкімшілігін үкімет шығыны шамадан тыс болғаны үшін сынаған АҚШ-тың қаржы министрі.
Тарифтер бұрынғы КСРО елдерінен бөлек мына елдерге қарастырылған:
- Қытай – 34 пайыз;
- Еуропалық Одақ – 20 пайыз;
- Үндістан – 26 пайыз;
- Вьетнам – 46 пайыз;
- Тайвань – 32 пайыз;
- Жапония – 24 пайыз;
- Оңтүстік Корея – 25 пайыз;
- Таиланд – 36 пайыз;
- Швейцария – 31 пайыз;
- Индонезия – 32 пайыз;
- Малайзия – 24 пайыз;
- Камбоджа – 49 пайыз;
- Ұлыбритания – 10 пайыз;
- Оңтүстік Африка – 30 пайыз;
- Бразилия – 10 пайыз;
- Бангладеш – 34 пайыз;
- Сингапур – 10 пайыз;
- Израиль – 17 пайыз;
- Филиппин – 17 пайыз;
- Чили - 10 пайыз;
- Пәкістан – 29 пайыз;
- Шри-Ланка – 44 пайыз;
- Сербия – 37 пайыз;
- Мадагаскар – 47 пайыз;
- Мьянма – 44 пайыз;
- Лаос – 48 пайыз.
Ең жоғары баж салығы - 50% - Лесото мен Францияның Сен-Пьер мен Микелон аумағына бекітіледі.
"Бұған қоса, Америка Құрама Штаттары экономиканы қалпына келтіруге және алаяқтықтың алдын алуға көмектесу үшін басқа елдерге 10 пайыз деңгейінде ең төменгі базалық тариф енгізеді", - деп қосты Трамп.