Атырау, 29 наурыз 2214
 бұлттыВ Атырау +10
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Қазақстанның ықпалы: мұнайдың артық өндірісі ОПЕК+ картелінің наразылығын тудырды

591 просмотра

Қазақстан күтпеген жерден ОПЕК картеліне мүше болмай-ақ шешуші рөл атқара бастады, деп жазады Нефть и газ Казахстана телеграм-арнасы.

Дүйсенбіде ОПЕК+ мұнай өндіруді сәуір айынан бастап тәулігіне шамамен 138 000 баррельге ұлғайтуға келісті, бұл 2022 жылдан бергі алғашқы өсім. Альянс бір жағынан әлемдік сұраныстың әлсіздігі және екінші жағынан АҚШ президенті Дональд Трамптың үндеуіне байланысты сәуір айынан бастап өндіріс көлемін ұлғайту керек пе, жоқ па деп таразыға салған болатын. Ал Қазақстанның шамадан тыс өндіріс туралы жаңалығы оның құбырларды ашу туралы соңғы шешіміне әсер етті, деп жазады Reuters.

Картельдегі үш дереккөздің агенттікке хабарлауынша, ОПЕК+-тің бірнеше мүшесі, соның ішінде Сауд Арабиясының жетекші мұнай өндірушісі «Қазақстанның мұнай өндіру көлемінің рекордтық деңгейге жетіп, квотадан айтарлықтай асып кеткеніне наразы болды».

Барлық дереккөз шетін мәселе болғандықтан өздерін атаудан бас тартты. Дереккөздердің айтуынша, ОПЕК+ уәждері «егер альянстың кейбір мүшелері квоталарды сақтамаса, өндірісті шектеуді жалғастырудың еш мәні жоқ. Бұл ОПЕК+ аясындағы тәртіп үшін өте жаман. Сондықтан олар артық өндірісті өтету үшін Қазақстанға қатты қысым көрсетпек», - деді дереккөздердің бірі.

Қысым қай тұрғыда жасалатыны белгісіз, өйткені картельдің нақты тетігі жоқ. Қазақстан ОПЕК мүшесі емес. Ал кеше Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылы өндіріс көлемін 10 пайызға дерлік ұлғайту ниетін мәлімдеген еді.

5 наурыз, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16