Үстіміздегі жылдың 9 тамызында облыстық мәслихаттың 16-сессиясында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ өткен жартыжылдық есебімен сөз сөйледі.
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАНДАРДЫ НЕ КҮТІП ТҰР?
Есеп форматы, дәстүр бойынша, санға толы. Мәселен, өткен 6 айда өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 трлн 257 млрд теңгені құраған. 16,1 млн тонна мұнай және 7,4 млрд текше метр газ өндірген (өсім сәйкесінше 8,1 және 3,6%). Негізгі капиталды инвестициялау 479,8 млрд теңгені құрады.
Тұрғын үй құрылысы бойынша сандар кезекте тұрғандар мен жас отбасылар үшін қызықты болады. 222,4 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, соның ішінде 32 мың шаршы алаң 495 пәтер бюджеттік қаржыға салынды.
- Үстіміздегі жылы 1 005 пәтерлі 22 үй қолданысқа беріледі, - деді облыс әкімі. Олардың ішінде: тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша – 135 пәтерлік 3 үй, кезекте тұрғандар үшін – 636 пәтерлі 14 үй, жас отбасылар үшін – 234 пәтерлі 5 үй. Қалған 24 үйдің құрылысы келесі жылы жалғасатын болады. Сондай-ақ республикалық бюджеттен келесі құрылыстарды салу жоспарланып отыр: 2,1 млрд теңгеге 1 350 пәтерлі30 арендалы үй, 2,6 млрд теңгеге тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша 780 пәтерлі 16 үй,. 2,5 млрд теңгеге инженерлі-коммуникациялық нысан салынады.
КӨКӨНІС ӨСІРУДЕ СЕРПІЛІС
Шағын және орта бизнес субъектілері 242 млрд теңгенің өнімін өндірді (өнеркәсіптік өндірістің шамамен оннан бірі). Ауыл шаруашылығы өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға – 14,6 млрд теңгеге төмендеді. Мал басын санаудағы бұрынғы қателіктер себепші болған. Үстіміздегі жылы 13 суармалы арналардың 12-сі суға толтырылды. Бұл егін егу көлемін арттыруға мүмкіндік берді: картоп – 57-ден 940 гектарға, көкөністер – 300-ден 1 600 гектарға дейін көбейтілді. Облыс әкімі диханшыларға 2011 жылғы суаруға төленбеген субсидиялар туралы мәселеге тоқталып өтті: «Бұл қаражаттар игерілмеген және аграршылар құжаттарын дер кезінде жинамағандықтарынан 2011 жылдың күзінде мемлекетке кері қайтарылған. Қазір оларға уәде етілген соманы облыстық бюджет резервінен өтеуге шешім қабылданды».
2007 жылдан бері тамшылатып суару алаңы 9 есе артып, 653 гектарға жетті. Қаланың селолық округтарында «Жұмағалиев» ЖК мен «Алаша Атырау» ЖШС-ке тиесілі жалпы көлемі 2,5 гектар екі жылыжай құрылысы аяқталып жатыр.
Азық-түлік бағасын ұстау мақсатында тұрақтандыру қорына 105 млн теңгеге 15 түрі азық-түлік өнімдері сатып алынды. Бағаларды көтермеу үшін жеткізушілер және өткізушілермен 224 меморандумға қол қойылды. «Атырау» ӘКК 209,3 млн теңгеге картоп, пияз, орамжапырақ, қызылша сатып алуға 18 шаруа қожалығымен фьючерлік шарт жасады.
2011-2012 жылғы 2 млн гектар ауылшаруашылық жерлерін инвентаризациялау мемлекеттік қорға 275 мың гектар пайдаланылмаған жерді қайтаруға мүмкіндік берді.
ЖҰМЫС БАР МА?
Өткен жарты жылдағы салықтық және басқа да түсімдердің көлемі 231,2 млрд теңгені құрады, бұл жоспарланғаннан 9% артық.Республикалық бюджетке де бірнеше есе, ал ҚР Ұлттық қорына облыс 857 млрд теңге аударды, бұл 8,7%- ға көп.
Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады, бұл республикалық деңгейден 0,2%-ға кем. Үстіміздегі жылы 7 488 жаңа жұмыс орны ашылды, олардың 5 405-і тұрақты, 2 083-і уақытша. Алғашқы жарты жылдықта Қарабатандағы Болашақ зауыты құрылысының аяқталуына байланысты 1 398 адам қысқартылды. Олардың 922-сі - облыс тұрғындары. Екінші жартыжылдықта «Болашақ» зауытында – 1,3 мың адам, «Қашаған» жобасынан 5,4 мың адам қысқарады. 1 236 адам АМӨЗ-ді жетілдіру жобасына, Батыс Ескене станциясында темір жол вокзалын салу құрылысын жүргізетін «ІскерКазСтройСервис» және «Теміржолқұрылыс» компанияларына жұмысқа тартылды. Жыл соңына дейін бұл кәсіпорындар тағы да 760 адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр. Тағы 1,5 мың адамды жұмыс орындары табылғанда, бір мың адамды «Бизнестің жол картасы-2020» және Индустриялды даму бағдарламалары бойынша ашылатын жобаларға жұмысқа тартпақшы. «Теңізшевройл» ЖШС Болашақ кеңейту жобасын жүзеге асыруды бастаған жағдайда тағы да 1,6 мың адам жұмысқа орналастырылады.
МЕКТЕПТЕР МЕН АУРУХАНАЛАР
1 қыркүйек күні Құлсары қаласында624 орындық жаңа мектеп өз есігін ашады. 10 мектеп пен9 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылы Атырау қаласындағы Бірлік поселкесі мен Нұрсая ықшамауданында екі балабақшаның құрылысы басталады.
Облыс бойынша апаттық жағдайдағы 11 мектеп бар. Олардың біреуінің орнына салынған жаңа мектептің құрылысы аяқталып келеді, тағы да 4-еуінің құрылысы жалғасуда, қалған 6-ының құрылысы да осы жылы басталу керек.
Өткен жылы бастауыш сыныптардағы 37 мың оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы мақсаттар үшін 2013 жылдың бюджетіне 935 млн теңге құйылған.
142мектеп пен колледж үшін 290 млн теңгеге компьютерлер сатылып алынды. Күрделі жөндеуден өткен мектептердің материалдық базасын жаңарту үшін 200 млн теңге жұмсалды. 100 млн теңгеге спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды.
Құлсарыда 250 орынға арналған аудандық орталық аурухананың құрылысы жалғасуда. Нысан 2013 жылдың қарашасында қолданысқа беріледі. Облыстық балалар ауруханасының 110 орынға арналған қосымша ғимаратының құрылысы аяқталды. 180 орынға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы мен СПИД орталықтың құрылысы жалғасуда.
Аудандарда 5 жанұялық-емдеу амбулаториясының құрылысы басталды. Тағы да 6 амбулатория мен бір фельдшерлік қосынның құрылысын бастау жоспарлануда. Облыста демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны тіркелді: атыраулықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 69,3 жастан 69,9 жасқа ұзарды.
ЖАСТАР ЖӘНЕ СПОРТ
Студенттер үшін қоғамдық көліктерде 50 пайыздық жеңілдік енгізілді. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде жетімдер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж жастарға арналған 240 пәтерлік үйдің құрылысы басталады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде жас отбасыларға арналған 234 пәтер бөлу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Жас Отан» жобасы бойынша жас отбасыларға жеңілдетілген несие келісімшарты арқылы 90 пәтер ұсынылады.
Үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен спортқа 3 млрд 141 млн теңге бөлінді. Оның 63 пайызы бұқаралық спортты дамытуға бағытталды. Күзде кәсіпкер Өнербек ЖАНБАЛАНЫҢ жетекшілігімен ұлттық спорт түрлерінің клубы құрылады. Ипподром құрылысының жобасы жасақталуда. «Көкпар» ұлттық ойыны бойынша команда құрылады.
ЖОЛДАР МЕН КӨШЕЛЕР
Атырау – Индер тас жолының 81,7 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілуде. Махамбет ауданының Бейбарыс аулына кіре беріс жолының және Миялы-Сағыз тас жолының жөндеулері аяқталды, Миялы-Қарабау жолының жөндеуі басталды. Осы жылы бұл жолдың 15 шақырымы жөнделеді. Аудан орталығы Миялының ішкі жолдарын асфальттау жалғасуда.
Махамбет ауданының Алға, Ортақшыл, Ақжайық және Сарайшық ауылдарына кіре беріс жолдарын, Жылыой ауданының Құлсары – Ақкиізтоғай, Қосшағыл селоларының, Исатай ауданының Тұщықұдық, Х.Ерғалиев ауылдарындағы, Махамбет поселкесіндегі ішкі жолдарды, күрделі жөндеудің және Қызылқоға ауданының Сағыз селосында темір жол үсті арқылы өтетін жүргіншілер өткелі құрылысының жобалары қарастырылуда. Жоба бекітілген бойда Махамбет селосында Жайық өзені үстінен салынатын көпір құрылысы мен Махамбет, Ақжайық, Тұщықұдық және Х.Ерғалиев ауылдарының ішкі жолдарының құрылысын бастау жоспарлануда.
ҚИЫН ЛИФТ
Облыс әкімі депуттардың сауалдарына жауап берді.
Атырау қаласы Балықшы округіне қарасты Холодильник аулының көшелері қашан асфальтталады?
Қазіргі уақытта бұрын Холодильник аталған Ақжайық аулында ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 5 көшені күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазір осы ауылдағы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын тағы да 5 көшені күрделі жөндеуден өткізудің жобалық құжаттары дайындалуда.
Облыста 18 колледждің бәрі еңбек нарығында сұранысқа ие болмайтын бір мамандықтарға даярлайды. Талапқа сай келмейтін колледждердің санын қысқартуға болмай ма?
Облыста 23 колледж болса, оның 5-еуі – жекеменшік, олар 47 мамандық иелерін даярлайды. Олардың кейбіреулері аудан орталықтарында. Облыс колледжерінде жыл сайын 16 мың бала білім алады. Иә, бұл оқу орындарының кейбірі бірдей мамандық бойынша мамандар даярлайды. Егер біз олардың кейбірін жауып тастасақ, балалардың кейбіреуіне үйлерінен алыс кетіп, білім алуға тура келеді. Ал біздің колледждер жатақханамен қамтамасыз етілмеген. Қазір 6 колледжге жатақхана салу жобалануда.
Авангардтағы 9 қабаттық екі үйде лифт жұмыс жасамайды...
Алмагүл ықшамауданындағы лифтілердің барлығы қазір жұмыс жасап тұр. Тек лифтіні ауыстыру үшін тұрғындары ақы төлеуге келісімдерін түгел бермеген №17, 19, 12 16 қабаттық үйлерден басқа. Төменгі қабаттағы тұрғындар лифтіні мүлде қолданбайтындарын айтады. Авангард ықшамауданы тұрғындарынан маған арыз түспеді...
Қала әкімі Серік Айдарбековтің айтуынша, ықшамаудандағы 9 қабаттық бір үйдің бір подъезіндегі лифт жұмыс жасамайды. Терможаңғырту бағдарламасы бойынша лифтіні ауыстыру үшін үй тұрғындарының 70 пайызының келісімдері керек. Бұл мәселеде үйдің қалған екі подъезінің тұрғындары көршілері үшін ақы төлеуге түбегейлі қарсылықтарын білдірді.
Мәселе аяқсыз қалды...
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ