Атырау, 26 қараша 02:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тосқауылдың екі жағында феодалдар мен буржуазия

3 914 просмотра

Көрші Орал қаласында салық төлемегені үшін айыпталып отырған кәсіпкер Барлық МЕҢДІҒАЗИЕВТЫҢ соты жүріп жатыр. Қарапайым сот процесі кәсіпкердің баспазөз конференциясында сәтті өрлеп келе жатқан бизнесіне қауіп төндіріп тұрған осы қылмыстық қудалауды, шын мәнінде, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ ұйымдастырып отыр деп жариялаған мәлімдемесінен кейін қоғамдық талқылауға ие болды.

 

БАРЛЫҚ МҰНДА ДА БОЛДЫ

Айта кетсек, Меңдіғазиевтың кәсіпорны - KSS-building ЖШС Атырау облысында да жұмыс жасаған: Теңіз бен Қашаған жобаларында бірнеше вахталық қалашықтар мен өнеркәсіптік нысандар салған. Алайда содан кейін ол біздің өңірге қайта келмеді. Халық арасында оралдық бизнесменді атыраулық жобалардан ығыстырып жіберген деген қаңқу сөздер бар, сондай-ақ бұл іске жергілікті белгілі кәсіпкер-миллиардерлердің бірі қол ұшын тигізді деген әңгімелер шыққан. Сондықтан да осы оралдық бизнесмен бізге бөтен адам емес деуге болады.

 

КҮМӘНДІ САРАПТАМА

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 12 шілдесінде құрылыс бойынша сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ мұнай және тұрмыстық қалдықтарды тазалау, өңдеу және кәдеге жаратуға маманданған KSS-building ЖШС холдингінің бас директоры Барлық Меңдіғазиев Алматыда баспасөз конференциясын өткізді. Ол журналистерге 2012 жылғы 12 шілдеде Кирсанов мемлекеттік қорығы аумағына мұнай қалдықтарын көму орнын (мұнай мәйітханасын) салуға қарсы ұйымдастырылған қоғамдық тыңдауда сөз сөйлегені үшін оның компаниясына салықтық тексерулер басталғанын айтқан болатын. Қаржылық тексеру мен үшінші тұлғаның (мұнай мәйітханасын салғысы келген компанияның – Л.С.) мүдделеріне қолдау көрсетуді ұйымдастырып отырған БҚО әкімдігі мен әкім Н. Ноғаевтың өзі деп айыптады. Меңдіғазиев, сол сияқты, өзіне қоқан-лоққы жасаған қылмыстық топпен де әкімнің байланысы бар деп мәлімдеді.

Тексерулер нәтижесінде қаржы полициясы 139 млн теңге көлемінде салықтан жалтарған деп қылмыстық іс қозғады және компанияның мүлігі мен шотына тыйым салынды.

Көп ұзамай сот төрелігінен тасалануы мүмкін деген сылтаумен Меңдіғазиев қамауға алынды және оған осы Алматыға баспасөз конференциясын өткізуге барған сапары негіздеме болды. Басшысын қорғау үшін холдингтің 250 қызметкері өздерін жоғары жалақымен және әлеуметтік қызметтер пакетімен қамтамасыз етіп отырған директорларын босатуды және кәсіпорынды сақтап қалуды талап етіп, наразылықтарын білдірді. Алайда билік оларды БҚО-ның басқа кәсіпорындарына жұмысқа орналастыратындарын айтты. Демек, кәсіпорынды жою шешілген мәселе екен.

30 шілдеде БҚО облыстық соты адвокаттардың бұлтартпау шараларын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырған жоқ.

Меңдіғазиев адвокаттары ақтап шығу үкіміне қол жеткізбекші және сотқа 6 өтініш жазған. Ішіндегі ең маңыздысы, заңгерлердің пікірінше, «ауыр» ҚР ҚК-нің 222-бабы 3-тармағы (Аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарған) бойынша кінә тағуға негіздеме болған сот-экономикалық сараптаманы заңсыз деп тану туралы өтініш. Бұл бап бойынша 5-7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді.

Сот қосымша сот-экономикалық сараптамасын белгілеуге қаулы шығарды, осыған байланысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды.

 

ТЫҢДАҢЫЗДАР, «САЯСАТТАНДЫРЫП КЕРЕК ЕМЕС»

14 ақпанда БҚО әкімдігі өз ұстанымын білдірді.

Қасақана тексеру жүргізді деген айыпқа байланысты әкімдік KSS-building ЖШС кәсіпорны жоғарыда айтылған қоғамдық тыңдау өткен 2012 жылғы 12 шілдеден екі ай бұрын - 2012 жылғы 10 мамырда салықтық тексеру жоспарына енгізілгені жөнінде хабарлады.

«Қаржы полициясы өңір басшысының айтуымен қылмыстық іс қозғады деп айтқан кәсіпкер Меңдіғазиевтың шағымының да еш негізі жоқ. БҚО бойынша ЭСЖҚКД-ның (қаржы полициясының) ақпараттарына сәйкес, «KSS-building» ЖШС директоры Б.К. Меңдіғазиевқа қатысты қылмыстық іс салық органының құжаттамалық тексеру актісінің негізінде ҚР ҚК-нің 222-бабы 3-тармағы (Аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарған) бойынша қозғалған. Қылмыс құрамы анықталғанда салық органдары материалдарды әрі қарай процессуалды шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсыруы қажет», - делінген БҚО әкімдігінің ресми хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ:

- Кәсіпорын басшысы өзіне қатысты салық төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қозғалған қылмыстық іс айналасын жазадан құтыламын деген үмітпен әдейі саясаттандырып отыр. Барлық мәселелер құқықтық алаңда шешілуі тиіс.

 

КӨП ІШІНДЕ КӨК БАТЫР

Бұл, бір қарағанда, батыс өңіріндегі жеке кәсіпкер мен билік арасындағы жанжал осындай ашық сипатқа ие болған сирек жағдайлардың бірі. Негізінен, мұндай даулар у-шусыз аяқталып, «тыныштықта» реттеледі немесе кәсіпкер бизнесімен бірге жоқ болып кететін еді.

Алайда Меңдіғазиев (айтпақшы, мемлекеттік сатып алуға тәуелді емес) ашық қарсылық көрсетуге бекінді. Мүмкін оған соңғы кездері Қазақстанның батысында қозғалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы істердің кең көлемдігі мен ірі шенеуніктердің қамауға алынулары (ішінде «Бергей ісі» де бар) әсер еткен шығар. Сол БҚО-да көптеген миллиондаған қаржыны қымқырды деп бұрынғы облыстық туризм және спорт басқармасының басшысы Мүслим ОҢДАҒАНОВ айыпталып отыр. Айта кетер жайт, Меңдіғазиевтың айтуынша, бизнесменді әкімнің атынан қорқытуға дәл осының өзі келген.

Алайда, әңгіме ҚР-ның шалғай батысындағы жемқорлыққа қарсы науқанның көлемінде емес шығар. Бәлкім, ірі кәсіпорын иесінің көп ішіне «құтқарыңдар!» деп айқайлаудан басқа амалы қалмаған да болар.

 

ЕКІ ОЙЛЫ «АТАМЕКЕН»

«Атамекен» ҚҰЭП-тың Меңдіғазиевтың жағына шыққаны көптеген адамдар үшін кездейсоқ оқиға болды. Ол, атап айтсақ, Меңдіғазиевқа қатысты қабылданған бұлтартпау шарасымен келіспейтінін мәлімдеді. (Назар аударатын жайт, бас кеңседегі басшыларына қарамастан, «Атамекеннің» БҚО филиалының директоры әкімдікті қолдады. Осы үшін ол тәртіптік жазаға тартылып, оған сөгіс жарияланды және енді оны жұмысынан босату туралы мәселе қарастырылуда). Біз басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рахим ОШАҚБАЕВТАН «Атамекеннің» ұстанымын түсіндіруді сұрадық:

- Біз Меңдіғазиевқа құқықтық қолдау көрсетеміз, бізде салықтық кеңесшілер палатасы бар. Біздің сараптамашылардың пікірінше, салықтық есептелімдер бойынша тексеру актісінде даулы сәттер бар. Мәселен, тексеруші органдар мен бизнес бір заңнаманы әртүрлі түсінеді, бірыңғай тұжырымдама жоқ. Сондай-ақ салық дауларына шағым беру рәсімдерінде де ашықтық жоқ.

Ал соттар мұндай даулардың ең соңғы инстанциясы және олар қашанда бюджет жағында болады. Нәтижесінде бизнес қорғансыз қалады. Сондықтан да осындау дауларды сотқа дейін шешетін тәуелсіз сотқа дейін бағалау жасау керек, біз бұл туралы ҚР президентімен бірге болған кеңесте айттық. Біз сотқа дейінгі тәуелсіз салық даулары бойынша апелляциялық комиссия құруды ұсынғанбыз. Оның құрамында сарапшылар ретінде беделді үкімет мүшелері мен тәуелсіз қоғамдық ұйымдар өкілдері теңдей қатысуы керек деген болатынбыз. Айтпақшы, президент сол кезде бізді қолдаған. Алайда президент тапсырмасы орындалмастан қалды.

- Еңбек заңдылығы бойынша тексеру жүргізілмесе де, Меңдіғазиевта қызметкерлер еңбек шарттарынсыз жұмыс жасайды деп куәлік беру туралы «Атамекеннің» пікірі қандай?

- Біз алдымызға қалай болса да кәсіпкерді ақтап алу мақсатын қоймаймыз, сонымен қатар процестің саясаттануына да қарсымыз. Егер компания заң бұзса, жазаға тартылуы керек. Сондай-ақ Меңдіғазиевтың облыс әкіміне қатысты айтқан сөздерін де өзінің ар-ұятына тапсырамыз. Мен тағы да қайталап айтамын, «Атамекен» бұл жанжалды бизнестің салық заңнамасын дұрыс түсіне алмауынан ұшырайтын құқықтық қатері тұрғысынан ғана түсінеді.

 

МАКС МАРКСКЕ ҚАРСЫ

Меңдіғазиевты жақтайтын атыраулық құқыққорғаушылардың өз пікірі бар. «Арлан» ҮЕҰ-ның басшысы Макс БОҚАЕВТЫҢ пікірінше, бұл жанжалда тар шалбарынан өсіп шыққан отандық буржуазия мен ел дамуына тежеу болып отырған патриархалды, феодалдық биліктің мүдделері қайшы келіп қалған. Егер қызық деп тапсаңыздар, Макстың қысқаша «антимаркстік» саяси талдауынан мысал келтірейін:

- Жалпы Бөрілі аудандық сотында болып жатқан үдерістен және М. Әбілязовқа, «Агроцентр-Астана», «Вита-Соя» ЖШС-не қатысты атышулы істерден көп нәрсені түсінуімізге болады. Қазақстанның заманауи қоғамға барар жолында пайда болған кедергілер анық байқалуда. Тосқауылдың екі жағында тұрған топтар да анықталды.

Қалыптасқан «маркстік» көзқарас бойынша, таптық қақтығыс көз алдымызда, әрі қарай Маркс-Ленин «сара жолымен» таптық күрес жүргізуге болады. «Ноғаевтарды» дөрекі феодалдар деп, «ноғаевтардың» жандайшаптарын буржуйға айналған феодалдар деп атауға болады. Ал «меңдіғазиевтарды» буржуазияның нағыз, жаңашыл өкілдері деп атайық. Содан кейін буржуазиялық революция болады, ал күш қолданылған жерде қандай қасірет болатынын бәріміз білеміз.

Егер бәрін ақылға салсақ, дөңгелекті қайтадан ойлап табудың қажеті жоқ. Бәрі бұрыннан ойлап табылған – еркін, адал сайлаулар, сөз және ерік білдіру еркіндігі, тәуелсіз сот, монополиясыздандыру, экономиканы орталықсыздандыру және тағы басқа. Үлкен бизнес құрған, әлеуметтік жауапкершілігі бар отандық «меңдіғазиевтер» президент, әкім, депутаттыққа сайлауға түсіп жатса ғана, біздің қоғамымыз феодалдық, индустрияланбаған керзаманнан құтылып шықты деп айта аламыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.