Атырау, 11 қараша 03:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

«10 пайызды өзімізге аламыз»

2 017 просмотра

Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) кезекті отырысында Құлсары қаласының кәсіпкерлерінің 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында тапсырған өтінімдері қаралды.

ӨҮК мүшелері сауда үйін (жиһаз, тұрмыстық және оргтехникаларды сату) ашуды қарастыратын С.А. Амандықов ЖК-ның жобасын субсидияландыруға берілген өтінімін қанағаттандырды. Алынған қаражатқа құрылыс аяқталмаған жер сатылып алынып, қазір құрылыс жұмыстары аяқталуда. Алынған несиенің 10%-дық мөлшерлемесін бизнеске көрсетіп отырған көмегі ретіндемемлекет төлейді, ал қалған 2,5% мөлшерлеме кәсіпкерге қалады.

Моноқалаларда бизнес ашушы кәсіпкерлер үшін тағы бір жеңілдік –салалық шектеулердің алынуы. Естеріңізге салсақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекет тек тауар өндіруге байланысты жобаларға ғана қолдау көрсетеді. Ал елдің 12 моноқаласында кез келген бизнес мемлекет қолдауына ие болады.

Сондай-ақ, мұнай қалдықтарын кәдеге жаратуға маманданған «Эко-Техникс» ЖШС жобаларының бірі мақұлданды. Алайда осы компанияның мұнай компанияларына қызмет көрсетумен байланыстырылған екінші жобасын ӨҮК мүшелері қолдамады. Моноқалаларда салалық шектеулерді алып тастағанмен, ӨҮК Құлсарыда мұнай секторына қатысты емес кәсіпорындарды құруға ниеттеніп отыр.

- Біз сіздің жобаңызға қаражат беретін болсақ, басқа салалардағы жобаларға қолдау көрсете алмаймыз, - дейді ӨҮК төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ.

Естеріңізге салсақ, моноқалалар бағдарламасының аясында Құлсарыда Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылған болатын. Мұнда жұмыс жасайтын «Даму» Атырау филиалының екі қызметкері аудандық ХҚКО ғимаратында кәсіпкерлерді қабылдайды.

Осындай тиімді ұсыныстар бола тұрса да, құлсарылық кәсіпкерлерден неге өтінімдер аз деген сұрақ бізді мазалады.

«Даму» Атырау филиалының директоры Ербол ҚАЙРАНБАЕВбарлығы жергілікті бизнестің дәстүрлі сенімсіздігінен болып отыр деп есептейді. Бизнеске қалай көмектесу керек деген мәселеде де оның пікірі басқаша екен:

- БЖК бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы екі жылында Атырау кәсіпкерлерінде де сенімсіздік басым болды. Мемлекетпен байланысып керек емес деген сияқты пікірлер қалыптасты. Сол кезде біз бірнеше жобаны ғана қиындықпен жүргізіп едік. Кейіннен кәсіпкерлер өз пайдасын түсіне бастаған соң, басқалары да тартыла бастады. Бүгінде Атырауда БЖК бойынша 98 жоба жұмыс жасап жатыр. Құлсарыда да осылай болады. Бір-екі кәсіпкер жобасын ресімдесінші, ұзын құлақ өз жұмысын жасап, басқалары да келе бастайды, - деп есептейді Ербол Қайранбаев. 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Құлсарыға субсидияландыру үшін 117 млн теңге бөлінді. Бұл тек осы жылға, егер осы ақшаларды сәтті игерсек, келесі жылы көбейтуі де мүмкін. Егер қарабайыр есептейтін болсақ, осы соманы игеру үшін бір млрд теңге несие беруіміз керек. Сондықтан да облыс басшылығының мұнаймен байланысы жоқ жобаларға қолдау жасай алмайсыңдар деген қауіптенуі бекер. Қазір, керісінше, бағдарлама жұмыс жасау үшін барлығына қолдау көрсетуіміз керек. Содан кейін ғана, егер жұмысымыз оңға басқан жағдайда, әкімдік ойлағандай «маңызды» жобаларды таңдап алуға болады.

Бір жағынан, кәсіпкерлердің өздері айтқандай, олардың бизнес жобалары, БЖК-да болған жағдайлардай, банктерде «қиылып» қалып жатады. Соңғылары әлі күнге дейін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасағысы келмейді, кәсіпкерлерге өздерінің өнімдерін өткізгілері келеді. Өйткені, кәсіпкерлердің пікірінше, мемлекет пен банк арасындағы БЖК бойынша банктік операцияларға ешқандай комиссиялар, мысалы несиені ұйымдастыру және т.б. сияқты алымдар салынбайды.

Құлсары моноқаласының кәсіпкерлері үшін мұнда екінші деңгейлі банктер нарығының дұрыс дамымағаны да кедергі болып отыр. Өйткені қаладағы филиалдар шешім қабылдауға құзыретті емес.

Осындай бір жарияланымға оқырманның жазған бір қызықты комментариін келтірейік: «Статистика бойынша бәрі жақсы, теңдессіз қолдау. Алайда іс жүзінде бұлай емес. Халықтың қатыс үлесі өте төмен. Адамдарға жеке бизнесті жүргізуді үйрету керек, игерілмеген нарық салаларын жарнамалау қажет. Бізде қызмет көрсету саласы әлі дамымай жатыр. Түркиядағы тері өңдеу және тері бұйымдарын тігудің іргесін этникалық қазақтар қалаған деген әңгіме естідім. Ендеше, сол жақтағы қазақтар мен жергілікті қазақтардың қандай айырмашылықтары бар?».

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.