Атырау, 28 желтоқсан 06:41
 ашықВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Маңғыстауда «Кезби» компаниясының директоры 1,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталып отыр

278 просмотра
Фото: istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі облыстық прокуратураның тексеру нәтижесімен басталған өңірдегі аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша «Кезби» ЖШС басқарушы директоры Е.Б.Кезбаевқа қатысты жүргізілген қылмыстық ісі аяқталып, прокуратурамен сотқа жолдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдіктінің «ӨзенМұнайГаз» АҚ тарапынан ЖШС қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бөлінген 1,5 млрд теңгені жымқырғаны анықталды. Қаражат өзара байланыстағы кәсіпорындар арқылы шығарылып, қаржылай көмек түрінде аударылған.

Бұл ретте, күдікті ақшаның бір бөлігін балаларының жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге пайдаланған.

Тергеу барысында 1,5 млрд теңге мөлшерінде әлеуметтік салықты және жеке табыс салығын төлемеу фактісі анықталды. Қаржылық тергеу барысында күдіктінің 700 млн теңгеден астам мүлкі анықталды, атап айтқанда: құны 576 миллион теңгеге жуық 4 жер учаскесі, 113 миллион теңгенің жеке жер учаскесі бар 2 қабатты үйі, 15,5 млн теңге тұратын екі автокөлік құралы анықталды.

Сот тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында аталған мүлікке тыйым салды.

Айыпталушыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Кеше, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.