Атырау, 14 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Маңғыстау облысында есірткі арналары жойылды

Бейнежазба
426 рет қаралды
Видеодан алынған скрин

20 желтоқсанда ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.

Бұған дейін, а.ж. қарашасында ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


27 желтоқсан 2024, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.