Атырау, 27 желтоқсан 06:08
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Астанада 2025 жылы швейцар вагондары өндіріле бастайды

206 просмотра
Сурет: gov.kz

26 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Stadler Kazakhstan» ЖШС-не келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Компания «Stadler Rail» компаниялар тобына кіреді және Қазақстан теміржолдары үшін жолаушылар вагондарының жетекші өндірушісі болып табылады.

Өндірістік алаң Астана қаласының индустриалды паркінде орналасқан. Үй-жайлардың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100-ден астам жолаушылар вагонын құрайды

«Stadler Kazakhstan» ЖШС стратегиялық серіктесі – Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Бұл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны, онымен жаңа буынның заманауи жайлы жолаушылар вагондарын жеткізу туралы келісімге қол қойылған. Олар 160 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға арналған, қызмет ету мерзімі – 40 жыл құрайды.

Шығарылатын көліктер ЕАЭО техникалық регламенттеріне және автомобиль жасаудағы соңғы технологияға сай болады.

2025 жылдың 2-тоқсанының басына қарай «Stadler Kazakhstan» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жасалған оффтейк келісімшарттары аясында 2030 жылға дейін жалпы сомасы $2,3 млрд құрайтын кепілдендірілген 537 бірлікті сатып алу қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда жұмысшылар саны 300 адамға жеткен ірі кәсіпорынға айналды.


Кеше, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.