Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов, Ақтаудағы ҚМГ өкілдігінің директоры Есен Өтеев және Маңғыстау облысындағы ҚМГ еншілес кәсіпорындарының басшылары Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан Б.Жұмағұлов пен С.Төлесіновтің отбасыларына барып, көңіл айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
ҚазМұнайГаз «ӨзенМұнайСервис» ЖШС мен «МұнайФилдСервис» ЖШС қызметкерлерінің отбасы мен жақындарына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.