Атырау, 27 желтоқсан 05:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Әуе кемесінің капитаны мен ұшқышы туралы ақпарат пайда болды

304 просмотра

Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Баку-Грозный" бағытындағы Әзербайжан ұшағының экипажы туралы қосымша мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әуе кемесінің капитаны Ресей азаматы Игорь Кшнякин болған. Ол 15 мың сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар білікті маман. Оның ішінде 11 200 сағат капитан ретінде ұшқан. Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, Кшнякин әуедегі жағдайға байланысты Ақтаудағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған.

Ұшақты басқарған ұшқыш Александр Калянинов – Баку еуропалық лицейінің түлегі. Жас маман қызмет барысында ерекше жауапкершілік танытып, ондаған адамның өмірін сақтап қалған.

Әзербайжандық БАҚ Каляниновты лицейдегі үздік түлектердің бірі деп атап өтті. Қайғылы оқиғадан кейін оның түлеп ұшқан оқу орны ұшқыштың отбасы мен жақындарына көңіл айту хатын жолдады.

“Ұшақ даусын естіген сайын Александрды еске аламыз,” – делінген хатта.

Ақтау қаласының маңында 11:10-да орын алған қайғылы оқиғада "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адамның өмірі қиылды. Апатқа ұшыраған ұшақтың бұған дейін Түркияда келеңсіз оқиғаға тап болғаны белгілі болды.

Әзербайжанда орын алған қайғылы жағдайға байланысты бүгін аза тұту күні деп жарияланды. Қазақстандықтар да апат құрбандарын еске алып, қайғыға ортақтасып жатыр.

Кеше, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.