Атырау, 27 желтоқсан 02:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Ақтаудағы ұшақ апатынан «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері көз жұмған

269 просмотра
Фото: depositphotos.com

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан екі азамат «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес кәсіпорындарында жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл туралы компания ресми мәлімдеме жасап, марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

- «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін хабарлаймыз. Бауыржан Жұмағұлов - «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғыш көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетіп үлгерген. Екінші азамат - марқұм Сәндібек Төлесінов «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек бұл салада 16 жыл еңбек еткен», деп хабарлады компания.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға кезінде ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған. Өкінішке қарай, олардың барлығы көз жұмған. Марқұмдардың арасында нотариус Гауһар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Елдар, Қарағандыда тіс дәрігері болып жұмыс істеген Салима Джутаева бар еді. 

Кеше, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.