Атырау, 26 желтоқсан 23:17
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Embraer компаниясы Ақтау түбіндегі ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

185 просмотра
Сурет: t.me/qr_tjm

Әуе кемелерін құрастыратын бразилиялық Embraer компаниясы Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның Ақтау қаласына жақын жерде Embraer 190 ұшағының апаты бізді қатты күйзелтті. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, жақындарына, достары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге дайынбыз, - деп мәлімдеді компания.

Естеріңізге салайық, 25 желтоқсан таңертең Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» әуе компаниясына тиесілі Embraer ұшағы Ақтау түбінде апатқа ұшырады. Бортта барығы 67 адам, соның ішінде экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тапқан, 29 адам аман қалды. Қаза болғандар арасында Қазақстанның алты азаматы да бар.

Бүгін, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.