Атырау, 26 желтоқсан 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

176 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі Семейде шыршадан құлаған педагогтың жағдайы туралы ресми ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаеваның айтуынша, мектеп мұғалімі Қуат Айтқалиев есін жиды.

“Пациент есін жиды, барлық сұраққа жауап бере алады. Бұл ауыр жарақат қой. Денсаулықты қалпына келтіру үшін уақыт керек. Соған қарай жағдайына да баға беруге болады. Қазір, ең бастысы, есін жиды”,- деді Сәрсенбаева журналистерге берген сұхбатында.

Департамент басшысы педагогтың бас сүйегін қалпына келтіруге қатысты ойын да айтты. Дәрігерлер басынан ауыр жарақат алған Қуат Айтқалиевтің бас сүйегінің бір бөлігін алып тастады. Себебі ісік миын қысып жіберген. Алдағы уақытта бас сүйегінің ашық қалған жерін пластинамен жауып тастауға болады.

Еске салсақ, 21 желтоқсанда шырша безендіруге барған ұстаз шыршадан құлап, ауыр жарақат алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жан сақтау бөлімінде жатқанын айтты.

Кеше, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.