2025 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері 6,5 пайызға артып, 3932 теңгені құрайды, деп хабарлайды Информбюро.
"Жол жүрісі туралы" заңға және Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер 2025 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді. Сәйкесінше, мопед жүргізушілеріне қатысты жаңа талаптар да қолданыла бастайды.
Соған орай, тәртіп бұзған мопедшілерге қандай айыппұлдар салынады:
куәліксіз жүру – 5 АЕК (2025 жылы 19 660 теңге);
мемлекеттік нөмірі жоқ немесе дұрыс тіркелмеген мопед тізгіндеу – 10 АЕК (39 320 теңге);
жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір тағу – 15 АЕК (58 980 теңге);
көлік жүргізу құқығынан айырылған адам мопед басқарса – 50 АЕК (196 600 теңге) немесе 10 тәулікке қамалады;
мопедті куәлігінен айырылған немесе куәлігі жоқ адамға беру – 50 АЕК.