Атырау, 26 желтоқсан 00:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ақтау маңында ұшақ құлады

Толықтырылды Бейнежазба
364 просмотра

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар болуы мүмкін. 

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақ апатынан 6 адам аман қалғанын айтты.

"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысып, рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады. 

Әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.

* * *

Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және  11 бірлік техникасы барды, деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға орнына келген бойда  әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.

ТЖМ Командалық орталығында жедел ШТАБ құрылды, онда сенім телефоны: 8/7292/319099 жұмыс істеуде.

Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған 28 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жеткізілді.

Ақтау маңында құлаған ұщақ апатынан зардап шеккен 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

"Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады", - делінген хабарламада.

* * *

Ақтауда болған ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде 6 қазақстандық болған.

«Az Airlines авиакомпаниясының ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша: қазіргі уақытта көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «ҚР ҚК екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деп хабарлады ПД.

Айта кетейік, Ақтауда құлаған ұшақта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болғаны хабарланды.

* * *

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресейдегі ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатыспай, Бакуге оралатын болды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан президенті Бакуге оралады, - делінген РИА Новости таратқан мәліметте.

* * *

Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Эмбрайер 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірді.

Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.

Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.

* * *

Сондай-ақ, Росавиацияның AZAL тасымалдаушысымен, Әзірбайжан және Қазақстанның авиациялық билігімен байланыста екені атап өтілді.

* * *

Маңғыстау облысының Қан орталығы тұрғындарға үндеу жолдады 
 
Ақтау ауруханаларында ұшақ апатынан зардап шеккендерге шұғыл қан қажет. 
 
Қала тұрғындары 34А шағын ауданы, No1/2 ғимаратта зардап шеккендер үшін қан тапсыра алады. 
 
Толық ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 
қабылдау: +7 (7292) 40-32-78; 
ұялы телефон нөмірі: +7 (708) 592-80-64; 
тіркеу: +7 (7292) 40-17-50; 
Анықтама телефоны: +7 (7292) 40-32-27.

* * *

Ұшақ апаты болған жерден 29 зардап шегуші медициналық мекемелерге жеткізілді 
 
Оның 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. 
 
11-інің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. 
 
Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала түсіп, ота жасауға дайындалуда.

* * *

Ұшақ апатынан тірі қалғандар саны 32 адам болды


Кеше, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.