Бүгін қазақ поэзиясының мәңгілік шамшырағы, ұлы ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Фариза өткен ғасырдың 70-жылдары қазақ әдебиетіне дауылды жырларымен енді. Талантты ақын, қайталанбас мінезімен және терең дүниетанымымен өлеңді биікке көтеріп, қазақтың көркем сөзін әлемге танытты. Оның жауһар жырлары мен жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Еңбек жолын ауыл мұғалімдігінен бастаған ақын 1968-1970 жылдары журналист ретінде де елеулі еңбек сіңірді. Оның табиғатпен үндес болмысы жырларынан да көрініс тапты. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көріп, әдебиет әлеміне ерекше құбылыс алып келді.
1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі», Парасат ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Халық жазушысы.