Атырау, 14 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -6
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Алматыдағы Grand Park маңында атыс болды

406 рет қаралды

24 желтоқсанда Алматыда Grand Park сауда ойын сауық орталығының маңында атыс болды. Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Гранд Парк маңында атыс болды. Жарақат алғандар бар. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді", - дейді оқиға куәгерлері.

Алматының Полиция департаментінің мәліметінше, 102-ге Қабдолов көшесінде атыс дауыстары естілгені туралы хабар түскен.

"Патрульдік полиция қызметкерлері 18 жастағы жігітті ұстады, одан сигналдық тапанша табылып, тәркіленді. Әуезов аудандық полиция бөлімі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді ПД өкілдері.
25 желтоқсан 2024, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.