Атырау, 25 желтоқсан 01:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды

140 просмотра

Фото: freepik.com

Жетісу облысының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда салық органдарының заңсыз әрекеттерінен жеке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды прокуратурасының баспасөз қызметі.

Салық кодексінің 490-бабы 3-бөлігіне сәйкес, арнайы салық режимін қолданатын шаруа қожалықтарының басшылары мен мүшелері көлік құралдарына салынатын салықтан босатылған.

Алайда, Кербулақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық салынуға жатпайтын көлік құралдарының иелеріне заңсыз хабарламалар жіберіп отырған.

Мысалы, салық салуға жатпайтын қозғалтқыш көлемі 2500 текше сантиметрге дейінгі бір жеңіл автокөлігі бар фермер қожалығының басшысына хабарлама жіберілген.

Тексеру барысында тағы 72 кәсіпкерге қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Барлық заңсыз хабарламалар жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кеше, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.